Студенттің құқығы мен міндеттері

Практиканы өту кезінде студент міндетті:

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға;

- ЕТ эксплуатациялау бойынша қолданыстағы стандарттарды, техникалық жағдайларды, қызметтік міндеттерді, ережелер мен нұсқауларды, шет және кеңселік жабдықтарды білуге, техникалық құжаттарды ресімдеуге арналған талаптарды білуге;

- бөлімшелердегі ЕТ жабдықтарын, зерттеу қондырғыларын эксплуатациялау ережелерін, сондай-ақ олардың жұмыстарын білуге;

- кәсіби қызметте қолданылатын жекелеген компьютерлік программаларды игеруге;

- есептеу техникасы бойынша жүйелі, реферативті және анықтамалық ақпараттық басылымдармен жұмысты игеруге;

- кәсіпорынның (ұйымның) еңбек тәртібі ережелерін орындауға;

- практика программасында қарастырылған тапсырманы орындауға;

- белгіленген мерзімде практика бойынша есеп дайындап, оны қорғауға.

Егер мүмкіндік болатын болса, студент еңбек ақы төленетін жұмыс орнына баруға және практика бағдарламасы бойынша материалдармен танысуға құқылы.

Практика өтетін орынға келгеннен кейін студент қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуге міндетті.

Практиканы өтудің күнтізбелік кестесіне сәйкес студент дербес жұмыс жоспарын құруға; практика бағдарламасын, әкімшіліктің өндірістік тапсырмасын толықтай орындауға, жасалған жұмыс, дәріс, әңгімелесу және т.б барысын тіркеп отыратын күнделік жүргізуге міндетті.

Практика аяқталғаннан кейін студент практика бағдарламасына сай, құрастырылған толық есепті, толтырылған күнделікті кафедраға өткізуге міндетті және есепті қорғау үшін белгіленген уақытта қорғауға келуге міндетті.

Университеттен тағайындалатын практика жетекшісінің құқығы мен міндеттері

Университеттен тағайындалатын практика жетекшісі:

- оқу жоспарына және практика бағдарламасына сәйкес, студенттердің практиканы сапалы өтуін қамтамасыз етеді;

- практиканы өту және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтармен барлық ұйымдастырушылық шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;



- есеп бойынша материалдарды бағалайды, материалдар таңдау мен есептер жазуда әдістемелік көмек көрсетеді, практиканың барлық сұрақтары бойынша кеңес береді, күнделіктердің дұрыс толтырылуын тексереді;

- студенттің дербес тапсырмасында қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етеді;

- университеттен тағайындалатын практика жетекшісі студенттерді фирмалардың (мекеме, кәсіпорын, бөлімше, зертханалардың) тікелей бастығымен таныстыруы керек, практиканың міндеттерін студенттерге түсіндіріп, практика аяқталғаннан кейін студенттер өз жұмысы туралы фирмадағы (мекеме, кәсіпорын, бөлімше, зертханадағы) адамдардың және қызметкерлердің пікірін білуі керек.


3153266287046255.html
3153307976381353.html

3153266287046255.html
3153307976381353.html
    PR.RU™